Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел
Пятница, 29 августа 2025

2025 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Қазақстанның қауіпсіз, тұрақты және орнықты дамуының құқықтық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға білім беру саласының құрметті қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Академияның магистранттары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- Конституциялық тұрақтылық және қорғау: заң мен тәртіп – болашақтың негізі;
- Конституциялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі;
- Полиция қызметінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.
Сонымен қатар, мерейтойға орай конституциялар, оқу-әдістемелік құралдар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.