Қазбек Баяхметов кикбоксингтен Қазақстан чемпионатында жүлделі орынға ие болды
Четверг, 11 сентября 2025

2025 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында Семей қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл беделді жарысқа еліміздің әр өңірінен 280-нен астам спортшы қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 309-оқу тобының курсанты Қазбек Баяхметов осы чемпионатқа қатысып, 54 кг салмақ дәрежесіндегі «Лоу-кик» бөлімінде жүлделі 3-орынға ие болды. Бұл жетістік Академиямыздың спорттық дәстүрлерін жалғастырудағы маңызды қадам болып табылады.