к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Құқық қорғау саласына арналған жаңа оқу құралының тұсаукесері өтті

Среда, 16 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Ахмадиев Асхат Бектұрсынұлы құқық қорғау саласының заманауи талаптарына сай жаңа оқу құралын әзірледі. Бұл еңбек заң мен тәртіптің негізін нығайтуға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Оқу құралының тұсаукесері «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 30 жыл: 30 жаңа оқулық» республикалық жобасы аясында өтті. Бұл бастама еліміздегі білім беру жүйесінің жаңғыруы мен құқық қорғау саласындағы кәсіби даярлықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің дәлелі. Авторлық ұжымның еңбегі цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін болашақ мамандарға қажетті білім мен дағдыны игертуді көздейді. Жаңа оқу құралы «Компьютерлік барлау» пәні бойынша дайындалған. Бұл пән курсанттар мен білім алушылардың цифрлық технологиялармен жұмыс істеу біліктілігін арттырып, ақпараттық кеңістіктегі құқықбұзушылықтарды анықтау мен талдау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, пән мазмұны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін нығайтып, оларды қазіргі заманғы ақпараттық қауіп-қатерлерге лайықты төтеп бере алатын деңгейге жеткізуді көздейді. Осы оқу құралы құқық қорғау жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды ғылыми-әдістемелік жаңалық болып табылады. Ол еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық із кесу салаларында білім беру үдерісін жетілдіруге зор үлес қосары сөзсіз.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ