Қылмыстық істер бойынша сот талқылауының шеберлік сабағы
Среда, 24 сентября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Кәсіби дайындық» пәні шеңберінде Қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Исетова Жанна Мұратқызы «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істер бойынша басты сот талқылауы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Бұл сабақта Академияның алғашқы даярлық курстарының тыңдаушылары қылмыстық іс бойынша сот талқылауын іс жүзінде модельдеу арқылы өздерінің кәсіби даярлық деңгейін және меңгерген теориялық білімдерін көрсетті. Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылды, бұл тыңдаушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етті.
Іс-шара соңында лектор қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, практикалық тәжірибеге негізделген құнды ұсыныстар берді. Бұл шеберлік сабағы тыңдаушылардың болашақ кәсіби қызметінде қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.