Шырақбек Қабылбаев атындағы дәріс залының ашылуы
Пятница, 11 июля 2025

🔷 Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 1995 жылғы түлектердің бастамасымен КСР Ішкі істер министрі, ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаевтың атымен аталатын дәріс залының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды шара болашақ мамандарға тарихи тұлғаның өнегесі мен рухын жеткізетін орын болмақ. Елге елеулі еңбек сіңірген Шырақбек Қабылбаевтың есімімен аталатын аудитория Академияның білім беру үдерісіне жаңа серпін береді деп сенеміз. 🎓 Өздерінің кәсіби жолын осы Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан бастаған түлектерге алғысымызды білдіреміз!