Талапкерлерге сәттілік тілейміз!
Среда, 23 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы талапкерлерге сәттілік тілейді. Академиямызда білім алуға ниет білдірген жастарға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Оқу орнының заманауи инфрақұрылымы, білікті оқытушылар құрамы және сапалы білім беру бағдарламалары болашақ мамандарды даярлауға бағытталған. Академиямыздың қабырғасында білім алып, еліміздің құқық қорғау саласында қызмет етуге дайындалған талапкерлерімізге табыс тілейміз. Біздің мақсатымыз – жоғары білікті, патриоттық рухтағы мамандарды тәрбиелеу.