«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бойынша дәріс
Пятница, 19 сентября 2025

2025 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланымен өзара іс-қимыл аясында қоғамдық пәндер кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, отставкадағы полиция полковнигі Гүлмира Съезбекқызы Имажанова «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің қызметкерлеріне «Қызметкерлер арасында қылмыстарға жол бермеу мақсатында олардың санасына әсер ету арқылы берік шешім мен нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс интерактивті форматта ұйымдастырылды: түрлі жағдайлар талданып, теориялық білімді тәжірибеде қолданудың тиімділігі көрсетілді. Дәрістің мазмұны тыңдаушылар тарапынан зор қызығушылық тудырып, олардың өзін-өзі дамытуына және ұсынылған әдістемелерді тәрбиелік үдерісті ұйымдастыруда белсенді қолдануына серпін берді.