к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жас заңгерлер мектебіне шақыру

Пятница, 18 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 14–17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Жас заңгерлер мектебіне шақырады. Бұл жоба заңдарды терең меңгеріп, болашаққа сенімді қадам жасағысы келетіндерге арналған. Сабақтарды академияның білікті оқытушылары, тәжірибелі тергеушілер, адвокаттар мен прокурорлар жүргізеді. Бағдарламада құқық негіздері, рөлдік ойындар, сот отырыстарына қатысу, тренингтер және «курсанттың бір күні» сияқты қызықты іс-шаралар қамтылған. Қарағандыда тұрмайтындар үшін қашықтан оқу мүмкіндігі қарастырылған. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. ҰБТ сертификаттарының ұпайлары тең болған жағдайда, бұл сертификат Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түсуге артықшылық береді. Тіркеу тамыз айының соңына дейін жалғасады, ал сабақтар қыркүйекте басталады. Instagram парақшасы: @jas_zanger_mektebi. Байланыс телефоны: 8-771-773-9178. Бүгіннен бастап мамандыққа қадам жасаңыз, Жас заңгерлер мектебі сізді күтеді!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ