Жүзу бассейні: курсанттар мен қызметкерлердің дене дайындығын арттыру орталығы
Понедельник, 14 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының аумағында курсанттар мен қызметкерлерге арналған заманауи жабық жүзу бассейні қызмет атқарады. Бұл бассейн болашақ офицерлердің дене дайындығын жетілдіруге, шынығуға және салауатты өмір салтын ұстануға зор мүмкіндік береді. Жүзу тек спорт түрі ғана емес, сонымен қатар шыдамдылық пен тәртіпке баулитын маңызды дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Академиямыздағы бұл нысан курсанттардың физикалық дайындығын нығайтуға және олардың кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді.