Ақпараттық бюллетені
19 қазан 2023
Полиция полковнигі С.Е. Ералина Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында бастауыш оқытушылар мектебіне «Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта оқытудың интерактивті және мультимедиялық технологиялары қолданылды.
18 қазанында 2023
2023 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушы құрамының шақыруы бойынша, практикалық қызметкерлермен сабақ өткізілді. Сабақ барысында Қарағанды облысы ПД ТБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Балтабекұлы Ақшолақов 4 курс курсанттарына «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті цифрландыру» тақырыбында сабақ өткізді. Руслан Балтабекұлы өз сөзінде цифрландыру - сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметінде, қылмыстық іс мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін және де қылмыстық-процестік әрекеттерді оңтайландыруға, қылмыстық істерді тергеп-тексеру шеңберінде ашықтықты қамтамасыз ететінін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтатынын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге лауазымды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуының қажетті деңгейде қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу соңында дәріскер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
18 қазан 2023
ҒЗИ ғылыми қызметкері Е.Е. Серімов «Азаматтық қоғам институттары: әділетті Қазақстанды құрудағы шоғырландыру» тақырыбына арналған Қазақстанның ХІ азаматтық форумына қатысты (Астана қ., Қазмедия орталығы)
17 қазан 2023
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «Бастаған оқытушылар мектебі» жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы ұсынысты қалыптастыруға, жас мамандардың ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі жетілдіру мен тұлғалық өсуге қажеттілікті қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Жаңадан бастаған оқытушылармен тиімді психологиялық-педагогикалық дайындық үшін кадр саясаты бөлімінің инспектор-психологы А.Е.Садықовамен сауалнама жүргізіліп, әңгімелесу өткізілді.
16-18 қазан 2023
ЕҚЫҰ, BOMCA және ICMPD бағдарламалар офисі ұйымдастырған «Заманауи технологияларды пайдалана отырып адам саудасына қарсы күрес» ұлттық семинарына(Алматы қаласында) қатысу. Тиісті сертификаттар алынды (Биржанов Б.К.)
16 қазан 2023
2023 жылғы 16 қазанда жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанттарына «XV-XVIII ғасырларда Қазақстанның мемлекеті мен құқығы» тақырыбына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәрісті өткізу барысында «Қазақстанның XV-XVIII ғасырлардағы мемлекеті және құқығы» тақырыбы қаралып, негізгі аспектілері: басқару органдары, әкімшілік-аумақтық құрылысы және салық жүйесі, сондай-ақ тарихи құқық ескерткіштерінің ережелері ашылды.
16 қазан 2023
Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанттарына «XV-XVIII ғасырларда Қазақстанның мемлекеті мен құқығы» тақырыбына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәрісті өткізу барысында «Қазақстанның XV-XVIII ғасырлардағы мемлекеті және құқығы» тақырыбы қаралып, негізгі аспектілері: басқару органдары, әкімшілік-аумақтық құрылысы және салық жүйесі, сондай-ақ тарихи құқық ескерткіштерінің ережелері ашылды.
9-14 қазан 2023
Мобильді академия жобасын іске асыру шеңберінде ҚАПБ орынбасарлары мен бастықтарына «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді дамытудың заманауи тенденциялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді (Биржанов Б.К.)
13 қазанда 2023
2023 жылғы 13 қазанда заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Марат Шекішұлы Қоғамовтың төрағалығымен «ZOOM» платформасын пайдалана отырып, «Қылмыстық сот төрелігі: даму үрдістері мен перспективалары» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қосымша білім беру факультеті және қылмыстық процесс кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды. Өз сөзінде Марат Шекішұлы, қылмыстық процестік заңнаманың негізгі мақсаты: қылмыстық процесті жеңілдету және тиімділігін арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын толық қорғау болып табылатынын атап өтті. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы жаңалықтар қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтарының бұзылуын жоюға, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сөзінің соңында лектор тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
12 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 12 күні 307 оқу тобы Дактилоскопия және дактолоскопиялық зерттеулер пәні бойынша тақырып №3. «Қол (жалаңаяқ) іздерін идентификациялау үшін жарамдылығын анықтау әдістемесі» практикалық сабағына Қарағанды қаласы ПБ Михайловка ПБ аға криминалисі Б. Дюсебай.
10 қазан 2023
2023 жылдың 10 қазанында Қарағанды академиясының аумағында күзгі-қысқы және көктемгі спартакиада аясында ФПП курсанттары арасында келесі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді: күзгі кросс (алтын күз). Байқау нәтижелері: -1 орын-1 курс (7 ұпай) -2 орын-2 курс (5 ұпай) -3 орын-4 курс (3 ұпай) -4 орын-3 курс (0 ұпай)
7-10 қазан 2023
Қарағанды қаласында «Жердің беріктігі» бөлімінде жауынгерлік самбодан ашық турнир өтті. Бұл жарыстардың жекелей есептегі қорытындысы: 1 орын 1 курс курсанты Мамыраш О., 2 орын 1 курс курсанты Тохан С., 2 орын 2 курс курсанты Базарбай Е., 3 орын 2 курс курсанты Күзенбаев С., 3 орын 1 курс курсант Ізмұханов Б. , 3 орын 1 курс курсанты Қанатхан Ж., 3 орын 1 курс курсанты Айдынұлы Е., 10 қатысушы.
7 қазан 2023
2023 жылғы 7 қазанда біздің Академияға құрметті қонақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бұрынғы бастығы, отставкадағы аға әділет кеңесшісі С.Н. Исаева келді. Светлана Нұрханқызы қызмет жолын оқытушылық және ғылыми қызметке арнай отырып, Академияда ұзақ уақыт жұмыс істеді. Бүгінгі кездесуде Қарағанды академиясы мен жалпы заң пәндері кафедрасының кітапхана қорын өзінің жеке кітапханасындағы кітаптарымен толықтырды. Құрметті Светлана Нұрханқызы, сізге оқу процесінің дамуына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, өркендеу және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!
6-8 қазан 2023
Қарағанды қаласында ушудан Ашық чемпионат өтті. Тоғыз салмақ дәрежесі бойынша татамиге барлығы 118 спортшы шықты. Бұл жарыстардың қорытындысы бойынша жекелей есепте: 1-орын 1-курс курсанты Әскер Е., ал 2-орын 2-курс курсанты Ахметжанов А.5 қатысушы.
6 қазан 2023
2023 жылы 06 қазан күні жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы,301 оқу тобының кураторы полиция подполковнигі А.Б.Қожасова курсанттарды кураторлық сағат аясында Алаш қаираткері Міржақып Дулатұлына арналған”Міржақып.Оян қазақ!”фильмін тамашалауға апарды.Көптің көңілінен шыққан Алаш зиялылары туралы патриоттық, әрі тарихи фильмді курсанттар мектеп жасында кітаптан оқып зерделеген болса, енді көзбен көріп, құлақпен естігендерін аитып, ел қамын оилаған марғасқа ағаларымен қауышқандаи әдемі әсерді бастан кешті.
3 қазан 2023
2023 жылғы қазан айының 03 күні 307 оқу тобы «Баллистика және баллистикалық зерттеулер» пәні бойынша тақырып №3.«Травматикалық және газды қарудың құрылғысы. Әрекет ету қағидасы» практикалық сабағына Ақмола облысы ПД ЖКБ аға криминалисі полиция подполковнигі Н.Ж.Жұмабеков.
1-31 қазан 2023
«Қазіргі заман қаһарманы» тақырыбындағы эссе байқауы. Тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2023 жылдың 01-31 қазаны аралығында ғылыми-педагогикалық магистратураның 1-курс магистранттары және кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттары арасында «Қазіргі заман қаһарманы» тақырыбында орыс тілінде эссе жазу байқауын өткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей: – 3-курс курсанттары арасында І орын – 309-оқу тобының курсанты Задуян Алина; – ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттары арасында І орынды Шаухар Данияр, ІІ орынды Свиридова Жибек, ІІІ орынды Баймырза Диана иеленді.
30 қыркүйегі — 1 қазан 2023
2023 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Қарағанды қаласында клубтар арасында фул-контакт панкратионнан Ашық турнир өтті. Жарысқа 17 ұлттық құрама қатысты. Татамиде барлығы 160 спортшы бақ сынады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан 13 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында сәйкес салмақ дәрежесі бойынша келесі орындарға ие болды: 1 орын 1 курс курсанты Айдынұлы Е., 2 орын 1 курс курсанты Амангелді Н., 2 орын 1 курс курсанты Смет Н., 3 орын 1 курс курсанты Сапарбек Е., 3 орын 1 курс курсанты Кауанов О., 13 қатысушы.
30 қыркүйек — 1 қазан 2023
2023 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарағанды қаласында джиу-джитсудан «Karaganda Open» ашық халықаралық турнирі өтті, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары өнер көрсетті. . Осы жарыстардың қорытындысы: 1-орын, 4-курс курсанты Таджиева Ш және 2-орын, курс бастығы полиция подполковнигі Жаныбеков Н.Т. 6 қатысушы.
30 қыркүйек 2023
Ғылыми-зерттеу институтының тергеу қызметінің проблемаларын зерттеу орталығының зерттеу тақырыбы аясында әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
29 қыркүйек 2023
Академия қабырғасында криминалистика кафедрасы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Садуақасов Ибрагим Берікболұлының қатысуымен кәсіби даярлау факультетінің 3 курс курсанттары үшін "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында адам құқықтарын қорғау" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Маман тергеу барысында адам құқықтарын сақтау мәселелерін атап өтті, сондай-ақ адвокаттық жұмыс тәжірибесінен алынған материалдар көрсетілді. Сондай-ақ, болашақ тергеушілер мен криминалистер қызықты сұрақтармен қатар Ибрагим Берікболұлынан нұсқаулар, кеңестер мен ізгі тілектер алды.
29 қыркүйек 2023
Қазақстан Республикасы ІІМ ЖКД-де өткен ІІМ ҒТК «Ішкі істер органдарының жедел криминалистикалық қызметін жетілдіру» №8 бейіндік секциясының отырысына қатысты (Астана қ.)(Биржанов Б.К., Шарипов С.С.)
29 қыркүйек 2023
Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері (Е.В. Еспергенова, С. Г. Байтеленова) "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жаза түрлерін жетілдіру: теория мен практика мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
25-30 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 25-30 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ҰҚҚКД, ҰҚККБ, ІІО-ның бөлім бастықтары біліктілікті арттыру курсы өткізілді.Сондай-ақ, осы мерзім аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ӘТД, АӘТБ-ның АМІ жөніндегі аға тергеушілері, тергеушілері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді
23 қыркүйек 2023
Академияда кәсіби даярлық факультетінің 1 курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті.
22 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 22 күні Қарағанды академиясында "Трасология және трасологиялық зерттеу"пәні бойынша Қазақстанның жедел-криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің емтиханы өтті. Емтиханды ІІМ БҚҚ өкілдері ZOOM платформасында онлайн форматта қабылдады. Үш апта ішінде криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындады, сондықтан бірде-бір "екі" жоқ!
22 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 22 күні ZOOM платформасында онлайн форматта Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық бөліністерінің аға криминалистері, криминалистері үшін "Трасологиялық зерттеу әдістемесі" біліктілікті арттыру курсы бойынша емтихан өткізілді. Оң баға алған 19 тыңдаушыға зерттеу жүргізу құқығына рұқсат берілді.
22 қыркүйек 2023ж
С. Г. Байтеленова Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақстан Республикасының ҚАЕН академигі, з.ғ. д., профессор Е. И. Қайыржановтың 90 жылдығына арналған "Қоғам мен мемлекетті цифрландыру және ақпараттандыру жағдайындағы қылмысқа қарсы іс – қимыл" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
22-23 қыркүйек 2023
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары , полиция лейтенанты Баймағамбетова Анель Джомартовна және полиция капитаны Жалмаханов Жанғали Шапагатович «ІІМ қызметкерлері жемқорлыққақарсы» атты көлемді сыбайлас жемұқорлыққа қарсы акциясын өткізді. Бұл әлеуметтік-мәдени жоба Бәрінбек Сәрсенұлы Бейсеновтің 100 жылдығын мерекелеуге, қоғамдық санады абыройлы полиция қызметкерінің бейнесін және сыбайлас жемқорлықпен күресуші тұлғаның бейнесін анықтауға бағытталған тәрбиелік сипатта арналған.
20 қыркүйек 2023
Кәсіби даярлық факультетінің білім алушылары үшін ҚБТ-ны қолдана отырып: "Сот фотосуреті", "Сот медицинасы және сот психиатриясының негіздері", "Сот сараптамасы", "Жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасы мен технологиясының ерекшеліктері" оқытылды.
19 қыркүйек 2023
Орталық қызметкері полиция майоры Е. В. Киселева "Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу" тренингіне қатысты
18–22 қыркүйек 2023
«Киберқылмыстарды тергеп-тексеру бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг»тренингке қатысу. Сертификаталынды(Астана қ.) (Биржанов Б.К.)
14-15 қыркүйек 2023
2023 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында самбо күресінен ашық чемпионат өтті. Татамиге барлығы 80 спортшы шықты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан 5 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында 1 күміс, 1 қола, 60 келі салмақта 2 орын, 3 курс курсанты Айтбеков Д., 65 келі салмақта 3 орын, 4 орын. курс курсанты Әділжанов А. 5 қатысушы.
9 қыркүйек 2023
Криминалистика кафедрасы 2023 жылғы қыркүйек айының 9 күні "Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстар туралы істер бойынша жекелеген тергеу іс-қимылдарын жүргізу тактикасы" ғылыми зерттеу тақырыбы аясында тақырыбында Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары орталығының директоры А.Б. Тукенованың, Қазақстан Республикасы ІІМ полиция департаменттерінің ЖКБ бөлімдерінің бастықтары мен криминалистерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
4 қыркүйек – 7 желтоқсан
Тілдерді даярлау орталығында А2 (Elementary) деңгейінде ағылшын тілін оқыту (120 сағаттық) курсына қатысу. Сертификат алынды (Омирова М.С.)
7-12 қыркүйегі 2023
2023 жылдың 7 қыркүйегі мен 12 қыркүйегі аралығында Өзбекстан Республикасының Хива қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының 3 курс курсанты шәйнекті көтеруден әлем чемпионаты өтті. Б.Бейсенов курсант Коваленко З. және 2-орынға ие болды.
07 қыркүйек 2023
Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 151 жыл толып отыр. 2023 жылдың 07 қыркүйегінде Академиямызда “ Бұл тойдан ізгілікті із қалу керек” деген мақсатпен кәсіби даярлық факультетінің 403 және 405 топтар аралығында викториналық ойындар өткізіліп, соңында ақынның жыр шумақтары оқылды. Ал, ойын басында тұлғаның өмірі мен қызметі туралы қысқаметражды фильм көрсетілді. Аталған іс - шараны Академиямыздың “ Жалпы заң пәндері “ кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Қожасова мен оқытушысы Б. Ғ. Ғаббасәлі жүргізді. Курсанттар ойынға белсене қатысып, соңында сыйлықтармен марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
5 қыркүйек 2023
«Абай Құнанбайұлының мұраларын ұлықтайық» викторинасы. Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 2023 жылдың 5 қыркүйегінде тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарына арналған «Абай Құнанбайұлының мұраларын ұлықтайық» викторинасын ұйымдастырып, өткізді. Викторинаның қорытындысы бойынша І орынды 109-оқу тобының курсанты Ерлан Досымжан иеленді.
4-10 қыркүйек 2023
2023 жылғы 4 қыркүйек пен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрама командасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының курсанттары қорғады. Б.Бейсенова купсант Бауыржан А. 1 орын.
3 қыркүйек 2023
Кәсіби диагностика жүргізу шеңберінде қылмыстық процесс кафедрасымен кәсіби даярлық факультеті бірлесіп 2023 жылғы 1 курс курсанттарымен кездесу өткізді. Кәсіби диагностиканың мақсаты курсанттардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен жеке қасиеттерінің ерекшеліктерін кәсіби қызметті жүзеге асыруға сәйкестігін бағалау болып табылады. Кездесу аясында 1 курс курсанттарына «Электрондық қылмыстық іс» тақырыбында бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ «ІІО-да сотқа дейінгі тергеу» мамандығы бойынша оқудың артықшылықтары жеткізіліп, тергеу бөлімшелеріндегі жұмыс ерекшеліктері атап өтілді.
2 қыркүйек 2023
Кафедра кәсіби даярлық факультетінің 2, 3, 4 курс курсанттарына: "Криминалистика" (техника), "Дактилоскопия және дактилоскопиялық зерттеулер", "Трасология және трасологиялық зерттеулер", "Суық қаруды зерттеу","«Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеп-тексерудегі ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері», "Сот сараптамасы","Баллистика және баллистикалық зерттеулер", "Құжаттарды техникалық зерттеу", "«Жеке адамға қарсы қылмыстық әрекеттерді болдырмаудың ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері» "Криминалистика" (тактика және әдістеме) оқу пәндерін оқытуды қамтамасыз етті
1-25 қыркүйек 2024
«Жемқорлықсыз әлем» тақырыбындағы эссе байқауы. Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемкорлық көріністеріне қарсы тұруға байланысты ic-шаралар аясында тілдік дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2023 жылдың 01-25 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1-курс магистранттары арасында орыс және ағылшын тілінде «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Орыс тілінде эссе жазу байқауында І орынды Баймырза Диана, II орынды Дагыстанов Бауыржан иеленді. Ағылшын тілінде эссе байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей: І орын – Свиридова Жибек; ІІ орын – Шаухар Данияр; ІІІ орын – Баймырза Диана.
1 қыркүйек 2023
2023 жылғы қыркүйек айының 1 күні Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Криминалистика кафедрасы оқу жылының ашылуына және Білім күнін мерекелеуге қатысты.
30 тамыз 2023
Жалпы заң пәндері кафедрасының ұжымы, Қазақстан Республикасының "Конституциясы" күні мен "Кафедра күнін" атап өтті. Кафедра бастығы, Phd докторы, полиция майоры Д. К.Райбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға кафедраның қалыптасу тарихымен таныстырды. Іс-шара дарынды курсанттар мен шақырылған қонақтарды жұмылдыра отырып, патриоттық стильде өткізілді. Іс-шараға қатысушылар, шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, іс-шараның жақсы өтуіне өз үлестерін қосты. Құрметті достар, Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!
30 тамыз 2023
"Конституциялық патруль" Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты А.Д.Баймағамбетова Қарағанды қаласының тұрғындары өз құқықтарын қаншалықты жақсы біледі деген сұраққа жауапты кәсіби даярлық факультетінің 4 курс курсанттарымен бірлесе жүріп анықтады. Конституция қарсаңында "Конституциялық патруль" атты іс-шара өткізілді, қала тұрғындары мен қонақтарына конституциялық құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері көшеде өтіп бара жатқан адамдардың білімін ерекше мәліметтермен толықтырды, мысалы, елдің Негізгі заңы түрік курортында құрылды және француз моделі негізінде қабылданды. Сауалнамаға қатысушылардың әрқайсысына Конституцияның бір данасы, сондай-ақ ел мен Академияның мемлекеттік рәміздері сыйға тартылды. "Конституциялық патруль" - бұл өзекті мәселелерді шешу барысында азаматтар мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылын нығайтуға арналған ағартушылық жоба. Аталған іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты азаматтарды құқықтық ақпараттандыру, олардың мемлекет туралы білімі жайлы ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ өзіне және өз отанына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады!
29 тамыз 2023
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқу-әдістемелік орталығының, екінші арнайы топтың, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімдерінің, кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының қызметкерлерімен «Мектепке жол-шексіз жақсылық» республикалық акциясы аясында үш мектеп оқушысы бар отбасына кеңсе тауарларын сатып әпердік.
- Әскери және тактика-арнайы даярлық кафедрасының
- Ғылыми-зерттеу институты
- Дене дайындығы кафедрасы
- Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
- Жалпы заң пәндер кафедрасы
- Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының
- Криминалистика кафедрасы
- Қылмыстық процесс кафедрасы
- Оқу-әдістемелік орталық
- Тілдік дайындық кафедрасы



